$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда ауа құрамындағы күкіртсутегінің мөлшері 8 есе артқан

AstanaTV
28.04.2021ж. 20:00
1629
Қызылжарда ауа құрамындағы күкіртсутегінің мөлшері 8 есе артқан

Қызылжарда ауа құрамындағы улы газдың мөлшері күрт артқан. Бұл туралы  казгидромет мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, соңғы күндері күкіртсутегі қалыпты мөлшерден сегіз есе көбейген. Егер бұл көрсеткіш 10-ға жетсе,  дабыл қағуға тура келеді, дейді. Себебі  бұл зиянды газ тыныс алу мүшесі әлсіреген адамдардың жағдайын қиындатады.  Қазір құзырлы орындар  газдың қайнар көзін іздеп жатыр.  

Оксана ГОРДИЕНКО, "КАЗГИДРОМЕТ" РМК СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:


Сәуірдің 26-нда ауа құрамындағы күкіртсутегінің нормадан бес есе асты. Бүгін сегіз есе. Егер жағдай ушығып бара жатса, халықтың арасында ескерту жұмысын қолға аламыз. Әдетте күкітсутегі органикалық заттардың бүлінуінен пайда болады. 

А. Құрманкин