Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Оралдық мектеп оқушысы торттың 40 түрін пісіреді

Оралдық мектеп оқушысы торттың 40 түрін пісіреді

Оралдық 13 жасар Бейбарыс Сұлтан  торттың 40  түрін пісіреді. Жасөспірім бұл өнерді 8 жастан  бастап меңгерген. Бала кезінен  әжесіне еріп жүріп, түрлі тамақ дайындауға қызығатын  Бейбарыс тәтті пісіруді де тез меңгеріп алған.   Сабақтан қолы босаса түрлі тәттілер  әзірлейді. Кішкентай аспаздың қолынан шыққан  торттар  көпшіліктің де  көңілінен шығып жатыр. Дәмі тіл үйірер тәттілерге тапсырыс берушілер көп.

Сұлтан БЕЙБАРЫС, ОҚУШЫ:

Әжем не пісіреді, өзім істеймін қараймын әжем жоқта. Мама жоқта өзім пісіріп тастаймын. Қазанға бисквит пісіріп тастаймын. Мен қазір торттардың 35-40 түрін пісіре аламын. Енді Алла қосса, тағы да көп жерлерге мастер класқа барамын, әлі талай үйренемін. Өзім нән цех ашқым келеді өскенде.


Бейбарыс тандыр нан мен құрма қосылған дәмді күлшелер де пісіреді.   Бұл өнімдерге де   сұраныс жоғары.  Сондай-ақ, ораза басталғалы  ауыз бекіткен жандарға    сый ретінде таратып жүр.  Ал анасы баласының еңбекке    араласқанына, өзіне қолғабыс болғанына риза.    

Диана СҰЛТАНОВА, АНАСЫ:

Ой, қазір деген рахат! Қонақ шақырсам, өзім тамаққа кетіп қаламын. Столды жайнатып қояды, сервировкасын жасап қояды. Бәрін пісіріп қояды. Расымен де мақтанғаным емес.

Е. Карин