Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Nur Оtan» партиясында үш деңгейлі қылмыстық сот төрелігі жүйесін енгізу талқыланды

AstanaTV
28.04.2021ж. 20:00
1726
«Nur Оtan» партиясында үш деңгейлі қылмыстық сот төрелігі жүйесін енгізу талқыланды

Сот төрелігінің үш деңгейлі үлгісіне көшу үшін полиция қызметкерлері, прокурорлар мен судьялар арасындағы өкілеттіктер бөлінуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында осындай тапсырма берген болатын. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңесте осы мәселе талқыланды.  Нақты айтқанда, айыптау актілерін жасау енді қадағалау органдарына жүктеледі.  Қазір онымен тергеушілер айналысып жүр.  Бірақ кеңес мүшелері, жауапкершіліктің ауысуы нәтиже бермеуі мүмкін дейді.

Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Мен айыптау актілер жасау проблемасын көтердім. Бізде енді екінші сатыда жалпы мұндай істерді сотқа жібермеу туралы ұсыныс жасалды. Прокурордың айыптау актісін құруы деген не?!  Міне, оған қылмыстық іс бойынша 20 том алып келді. Прокурор бұл айыптау актісін өзі жазбай, тергеушіге орындауға береді. Өйткені, прокурорларда онсызда атқаратын шаруа қыруар. Осы себепті, қазір айыптау қорытындысын прокурорлар тек аса ауыр қылмыс түрлері үшін ғана өздері толтырады.


Құқықтық кеңес төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, құқық қорғау жүйесін реформалау баяғыда аяқталған.    Қылмыстық сот төрелігінің жаңа моделі жалпы сот төрелігін жүзеге асыру парадигмасын түбегейлі өзгертеді дейді ол.   

Қанат МУСИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі жұмыс істеп жатқан үлгімізді одан әрі жақсартуға күш салып жатырмыз. Бірақ, қылмысты полицейлер тауып, істі сотқа жібереді. Бәрібір   прокурорлар арқылы жұмыс істейтін- сол тәртіп сақшылары. Яғни, дәлелдер жинайтын орган адамның тағдырын алдын-ала айқындайды.

Л. Қуанышқызы