Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандық жас мамандар жаппай шетелге көшіп жатыр - Депутат

AstanaTV
28.04.2021ж. 20:00
550
Қазақстандық жас мамандар жаппай шетелге көшіп жатыр - Депутат

Жас мамандар жаппай шетелге көшіп жатыр.  Мәжіліс депутаты Александр Милютиннің айтуынша, бұл алаңдатарлық жағдай. Депутат соңғы бір жылда өткен мерзіммен салыстырғанда елден  көшіп кеткен дәрігерлер саны үш есе, ал педагогтар   4 есе артқан,-деді. Сондай-ақ, қазақстандық жастар көрші Ресейде білім алуға ынтық. Себебі онда білім грантын алу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түйіткілді мәселе ушығып кетпес үшін жылдам шешу керек.

Александр МИЛЮТИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің жартысынан көбі мамандығы бойынша жұмысты айтпағанда, қандай да бір жұмыс таба алмайды, Себебі бізде: біріншіден, еңбек нарығы нашар бақыланады, соның салдарынан тіпті "Болашақ"бағдарламасының түлектері де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмай жүр.

Ғ.Өтемісов