Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында сотталғандар өздеріне қасақана дене жарақатын салды

AstanaTV
29.04.2021ж. 20:00
1484
Түркістан облысында сотталғандар өздеріне қасақана дене жарақатын салды

Түркістан облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары  ИЧ 167\ 9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 6 сотталушы өздеріне өздері дене жарақатын салған. Олар осы әрекеттері арқылы мекеме әкімшілігіне наразылықтарын  білдірмек болыпты. Облыстық қылмыстық -атқару жүйесі департаментіндегілердің мәліметінше қамауда отырғандардан тінту жұмыстары кезінде пайдалануға тиым салынған заттар табылып, тәркіленген. Жазасын өтеп жатқандар соларды қайтаруды талап еткен.

Сәбит СОПИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ -АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
:

Оларға колония қызметкерлері дереу медициналық көмек көрсетті. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Аталған сотталғандар кісі өлтіру, қарақшылық және есірткі саудасы үшін жазаларын өтеуде. Олар мекеме әкімшілігінің заңды әрекеттеріне теріс көзқараспен қарайды және түзелу жолына түскісі келмейді.

Департаменттегілердің дерегінше, оқиғаның бастамашысы есірткі құралдарын заңсыз сақтап, дайындағаны үшін он жылға сотталған 28 жастағы жазасын өтеуші.  Қазір мән -жайды анықтау үшін арнайы тексеру жұмыстарын бастаған. Айта кетейін, қазір ИЧ-167/9 мекемесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған үшін жаза арқалаған 485 адам отыр.


А. Төребекқызы