Кезекке таласқан тұрғындар егде жастағы әйелді жазым қыла жаздады. Өрескел жағдай Теміртау қаласындағы №1 емхананың кіре берісінде болған. Таңғы 8 -де есік ашылысымен тезірек ішке кіруге таласқан жұрттың бейне жазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті.
Кезекте тұрған ығы-жығы адам бір- бірін итеріп, құлатып, ешкімді аяр емес. Карантин талабы жайына қалған. Жазбаның авторының айтуынша, жұрт жерге құлаған әйелді де басып-жаншып өтпекші болған. Ал жиналғандар "Осындай жағдайдың қалыптасуы-емханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан" дейді. Бірақ емхана директоры оның себебін басқаша түсіндіреді.
Гүлнар ЕСІМСЕЙІТ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ №1 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ:
Емхана таңғы 8 ден кешкі 8- ге дейін жұмыстайды. Есіктер 7.45 те ашылады. Науқастарды қабылдау басталардан 15-20 минут бұрын келуге шақырамыз. Алайда олар бүгінгідей тым ерте келіп алады. Салдарынан қаншама адам кептелісіп қалды.
А. Қуаш