$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өгей әкесін өлтіре жаздады

AstanaTV
30.04.2021ж. 20:00
2477
Өгей әкесін өлтіре жаздады

Ақмола облысында өгей әкесін өлімші етіп сабаған жігіт ұсталды.  Құқық қорғау орындарының мәліметінше, өгей әкесін мұндай халге жеткізген 32 жастағы азамат бұрын да  бірнеше рет сотты болған. Ішімдікке тойып алған  ол  өгей әкесін   орындықпен ұрып, шала жансар етеді.  Бұл туралы полицейлерге жігіттің  анасы хабарлап айтқан. Ауыр соққының әсерінен  есінен танып қалған ер адам шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Гүлнар  ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫ:

Тәртіп сақшылары анықтағандай күдікті анасына қонаққа келген. Алкоголь ішу кезінде ол өгей әкесіне жасаған реніштерін есіне түсіріп, ағаш орындықты жәбірленушіге жарақаттар келтіре бастады. 32 жастағы ер адамға қатысты ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 1-бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Л. Қуанышқызы