Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда отбасыларды қолдайтын 230 орталық ашылмақ

AstanaTV
30.04.2021ж. 20:00
1037
Қазақстанда отбасыларды қолдайтын 230 орталық ашылмақ

Отбасын қолдауға арналған орталықтар енді еліміздің барлық қалаларында ашылады.  Өмірлік қиын жағдайға душар болғандар, баламен далада қалған әйелдер ол жерден қолдау ғана емес, уақытша баспана да табады. Бұл туралы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Соңғы 10 айда осындай орталықтар 46 мың жанұяға жәрдем көрсеткен. Олардың жұмыс табу, құжаттарды рәсімдеу және өзге де проблемаларын шешуге көмектескен.

Динара ЗАКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"NUR OTAN" партиясының жанында республикалық қабылдау бөлмесі негізінде отбасы, әйелдер мәселелері және балалалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 жедел қызметі тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы өз жұмысын бастады. Байланыс орталығы өңірлердегі жедел әрекет ету топтарымен бірлесе отырып, отбасыларға үлкен көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, науқас балалардың проблемалары жіті назарда. Осы орайда елімізде арнайы оңалту орталықтарын құру жоспарланып отыр. Оның қызмет көрсету ауқымы кең болады. Бұл бастамалардың барлығы 5 жыл ішінде «NUR OTAN-ның» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Динара ЗАКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Партияның сайлауалды бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын жақсартатын орталықтарының санын жылына 3 жаңа орталық ашу арқылы көбейту , яғни 5 жылда 5 жаңа орталық құру жоспарланып отыр.

Л. Қуанышқызы