Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға жастар белсене ат салысуы қажет

AstanaTV
04.05.2021ж. 20:00
1733
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға жастар белсене ат салысуы қажет

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға жастар белсене атсалысуы керек. Өйткені қоғамның қозғаушы күші - жастардың үлкен міндеттерді еңсеруге мүмкіндігі мол. Орал қаласына іссапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan»   фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев осылай дейді. Депутат өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысып болған соң,  «Бастау» коворкинг орталығын аралады. Онда оралдық жас депутаттармен арнайы кездесті. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жас депутаттар корпусы құрылған. Бастамашыл корпустың құрамына Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардан 600-дей жас депутат енген. Халық қалаулыларының 23 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар.  

 Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жастарға бұл берілген біріншіден мүмкіндік. Сонымен қатар жастардың мүмкіндігін кеңейту, жауапкершілігін арттыру қажет. Өйткені кез-келген мәселе Черчильдің сөзі бар ғой: шешімді соңында шешетін білімі бар, біліктілігі жоғары азаматтар емес, ал кез-келген мәселені зерделеп-зерттеп, тәжірибесін дұрыс пайдалана білген азаматтар ертең жетістікке жетеді. Бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісетін болсақ, біздің ойымызша, алатын асуларымыз алда деп есептеймін.

 Е. Карин