Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыдағы «Алатау аналары» қоғамдық қорына тігін аппараттары сыйға тартылды

Алматыдағы «Алатау аналары» қоғамдық қорына тігін аппараттары сыйға тартылды

Алматыдағы «Алатау аналары» қоғамдық қорына жаңа тігін аппараттары сыйға тартылды. Бұл-қалалық «Nur Otan» партиясы филиалының қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған "Қайырымды істер"  марафоны аясында жүзеге асырылып отыр. Енді тігіншілер заманауи қондырғыны өз игіліктеріне пайдаланып, жұмыс ауқымын арттырмақшы.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Толық жабдықталған үш тігін машинасын отыратын орындықтарымен сыйға тартып отырмыз. Біздің мақсатымыз – аналарды осы тігін курстарына қатысу арқылы алдағы уақытта өздерінің кәсіптерін ашуға бір қосымша кәсіпті үйренуге қолайлы жағдай жасау.

Қоғамдық қор аналардың тігіншілікпен айналысуына қолдау көрсетеді. Онан бөлек мұнда өзге де мамандандырылған курстар ұйымдастырылып тұрады. Нақтырақ айтсақ, әрлеуші, шаштараз секілді кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік бар. 

Динара ЖАҚЫПОВА, «АЛАТАУ АНАЛАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 
Бұл тігін машинасы қорға келіп жатқан аналарға іс ашып, өздерінің оқуларын ары қарай жалғастырып кетуіне үлкен көмек болады деп сенеміз. "Nur Otan" партиясына үлкен алғыс.


Ә. Лесбек