Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ауыл халқына қарағанда қалалықтар ет пен сүтті жиі тұтынады

AstanaTV
04.05.2021ж. 20:00
1066
Ауыл халқына қарағанда қалалықтар ет пен сүтті жиі тұтынады

Ауылда тұратындарға қарағанда қала жұртшылығы ет пен сүтті жиі тұтынады.  Ұлттық статистика бюросының зертеу нәтижесі осындай. Олардың мәліметінше, бір тұрғын айына 15 келіден астам тамақ жейді. Сатып алынатын негізгі тауарлар тізімінде - картоп, нан, сиыр еті және жұмыртқа. Ал оны тұтынуда қала мен ауыл арасында айырмашылық бар.  Қалалықтар жұмыртқа, жеміс пен көкөніс, сүт пен етті көп пайдаланса, ауыл тұрғындары нан өнімдерін, қант, бал және кондитерлік өнімдерді жиі жейді. Оның ішінде нанды түркістандықтар  көп жейді,  ал маңғыстау халқы керісінше, ас атасын аз сатып алатын көрінеді.  Ет жеуден қарағандылықтар алдына жан салмаса, шымкент тұрғындары етке онша құлықты  емес сияқты.

Ә. Өмірзақ