Дәрігерлердің
әрекеті заңды. Ақтөбе полициясы қаза болған Серікболсын Көшербайдан донорлыққа
дене мүшелерін алды деген дауға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде
осындай қорытынды жасаған. Тергеу мәйіттік донор ережесінің бұзылмағанын
анықтады. Бұл жайында облыстық прокуратура басшылары айтты. Сондай-ақ,
тергеушілердің шешімін прокуратура қарап жатқанын да жеткізді. Іс, қылмыстық
негіз жоқ болған соң, тоқтатылған.
Жасұлан
Дәулембаев, Ақтөбе облысы прокуроры аппаратының жетекшісі:
Тергеу
барысында дәрігерлердің әрекеттеріне баға беріліп, органдарын ауыстырып салу
сұрақтарын реттейтін ережелер бұзылмаған деген қорытындыға келді.
Еске
салайық, мәйіттік донорға қатысты дау маусым айында шығып, қаза болған
Серікболсын Көшербайдың туған-туыстары сотқа арыз түсірген болатын. Бұған дейін
хабарлағанымыздай, қаза болған жігіттің
туыстары дәрігерлерден моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге талап еткен еді.
Ұлттық трансплантологияны үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев
марқұмның отбасына көңіл айтқан болатын. Ол мәйіттік донордың заңдылығымен
таныстырып, адамның «миы өлген» кезде еш рұқсатсыз оның ағзасын алуға рұқсат
етілетін тәртіпті түсіндірді.