Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда пәтердегі өрттен бір үйдің 4 адамы қаза тапты

AstanaTV
11.05.2021ж. 20:00
1367
Павлодарда пәтердегі өрттен бір үйдің 4 адамы қаза тапты

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, бір отбасынан  4 адам қаза тапты.  Тілсіз жау  3 қабаттағы пәтерде  тұтанған. Алдын ала болжам бойынша  өрттің шығуына темекі тұқылы себеп  болуы мүмкін.  Ал отбасы мүшелерінің денесі үйдің әр жерінен табылған. Отағасының мәйіті-лифт жанында, жұбайынікі-пәтерде, қыздарынікі-9 қабатта, 3 жастағы немересінің денесі-7 қабатта жатқан.  Олар бұл пәтерді жалдап тұрған.

Оразбек УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Өрт барлау кезінде 4 мәйіт табылды. Оқиға орнында 28 адам және  8 бірлік техника жұмыс істеді. Себебі, халықтың отты абайсыз қолдануы. Қазіргі кезде сараптама жүргізілуде.


Ө. Қуанар