$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Парапланмен апатқа ұшыраған екі азаматтың бірінің жағдайы ауыр

AstanaTV
11.05.2021ж. 20:00
2163
Парапланмен апатқа ұшыраған екі азаматтың бірінің жағдайы ауыр

Алматы облысында парапланмен апатқа ұшыраған екі азаматтың бірінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер 50 жастағы ер адамның түрлі дене жарақаттарымен жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Қолайсыз ауа-райында парапланмен ұшуға кім рұқсат берді? Әріптесім Әсем Лесбек сауалға жауап іздеді.

Бұл оқыс жағдай өткен жексенбіде, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр тауының маңында болған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жергілікті жұрттың айтуынша, парапланшылар сол күні мына жекенің меншігіне тиесілі аумақтан ұшқан. Ұшу кезінде қатты жел соғып, әуе аппараты төменге құлаған. Апат кезінде электр желісі де зақымданған.


Ауа-райының кенеттен құбылғанын мына кадрлерден байқауға болады. Бастапқыда бірқалыппен келе жатқан парапланды қатты жел төменге қарай құлдилатады. Шатыры шайқалып, бағанаға соқтығысады. Онда отырған қос азаматта жерге оңбай құлайды. Апат салдарынан екеуі де түрлі дене жарақаттарын алған.

Жамбыл БЕРДӘЛИЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНАРАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ЖАРАҚАТ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
 
Бір науқас өте ауыр халде. Жансақтау бөлімінде жатыр. Түрлі дене жарақаттарынмен, бас-ми жарақатымен сонымен қатар жанбас сүйегінің жабық сынықтарымен. Екінші науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Ол бөлімшеде жатыр.

Дәрігерлер орташа хәлде жатқан 17 жастағы жігіттің омыртқасы сынған деп отыр. Оны тағы 2-3 аптадай бақылауда ұстамақ. Ал ес-түссіз жатқан 50 жастағы парапланшыға қатысты қандай да бір болжам айтуға әлі ерте деді. Жергілікті әкімдіктегілер оның бұл салада тәжірибелі екенін айтты.

Ержас ТОҚТАСЫНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ШАМАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Шамалған ауылының, Үшқоңыр тауында парапаленмен секіру федерациясының жерлері бар. Олар осыдан 5-6 жыл көлемінде секіріп келе жатыр. Аталған Г.Дмитрий деген азамат ол кісі өзі біледі. Жағдайдың бәрін ескеруі керек еді. Мынадай ауа-райы қолайсыз жағдайда секірмеу қажет еді.


Ауыл әкімінің айтуынша, тәжірбиелі маман параплан нұсқаушысы көрінеді. Ал жанындағы 17 жастағы жасөспірім оның шәкірті екен. Апаттан төрт бағана зақымданған. Шығын көлемі шамамен 400-мың теңгені құрайды. Әкімдік аталған қаражатты федерациядан талап ететіндерін хабарлады. Айта кетсек, өткен аптада Шымкент қаласында әуе шары ауа-райы қолайсыздыған электр бағанына соғылған болатын. Бұған қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.

Ә. Лесбек