Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ұшақ апаты: Жерді саудалаған бұрыңғы шенеуніктер мен риэлторға үкім шықты

AstanaTV
12.05.2021ж. 20:00
2446
Ұшақ апаты: Жерді саудалаған бұрыңғы шенеуніктер мен риэлторға үкім шықты

Алматы әуежайы маңынан жер телімдерін заңсыз саудалады деген айыппен, Талғар ауданының экс-шенеуніктері сотталды. Сонымен қатар риелторда жазасыз қалмады. Аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшылары темір торға қамалды. Тағы үш экс-шенеунікке де үкім шықты. Сот отырысынан оралған әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты тарқатады.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Бүгінгі процесте айыпталушылардың аса қиналғаны байқалмады. Барлығы да үкімді салқын қабылдады. Соған қарағанда, жаза арқалап кететінін сезгендей. Атышулы істің соңғы отырысында әдеттегідей журналистердің қарасы қалың болды.


Айыпталушылар өздерін камераға түсірмеуді сұрап, бет-жүздерін бүркеп отырды. Үй қамақта жүрген бұрынғы шенеуніктер кінәләрін толық мойындады. Ал қамауда отырған риелтор Нұрайым Алданыш өзіне артылған айыпты жоққа шығарды. Істі бір жылдан аса қарап, тараптарды тыңдаған судья соңғы отырысты ұзаққа созбай, бірден үкімді оқыды.

Ілияс МҰХАДИҰЛЫ, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Рүстем Тұрысбековке - 4 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын және оған 7 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынсын. Сол сияқты Қайрат Алтынбекұлына- 3 жыл, риелтор Нұрайым Алданышты – 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылу жазасы берілсін.

Судья, Жарас Мәшімбаевты- 4 жыл, Медеу Қалыбеков пен Берік Абдуллаевті  - 3 жыл бас бостандығынан шектеді. Сотталғандардың айыбын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуін талап етті. Үкім кезінде сотталғандардың кәмілетке толмаған балаларының бары да ескеріліпті. Дегенмен қамауда отырған риелтор үкіммен келіспейтінін жеткізді.

Нұрайым АЛДАНЫШ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Ешбір дәлелсіз соттады. Түрлі айғақ зат арқылы бұл қылмысқа қатысым жоқ екенін дәлелдедім. Ақшасы барлар бәрін бірден сатып ала алады.

Сотталушының қорғаушысыда тағылған жазамен келіспейтінін айтты. Енді олар аппелцияға жүгінбек.

Азамат БАЙКЕНОВ, Н. АЛДАНЫШТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
 
Бүгінге дейін айтылған айғақтар мен дәлелдемелерді сот ескермеді. Істі жан-жақты бақыламады. Сөзім жоқ. Апеляцияға міндетті түрде береміз.


Естеріңіге салсақ, 2019 жылы желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан «Бек Эйр» әуе компаниясының лайнері әуежай жанындағы үйге соғылып апатқа ұшыраған еді. Артынша, ондағы жерлерді сатқандарға қатысты тергеу басталып, қылмыстық іс сотқа жеткен.

Ә. Лесбек