$448.13 €478.33 ₽5.58
×

"Ashyqтағы" кемшіліктер түзетіледі

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1343
"Ashyqтағы" кемшіліктер түзетіледі
"Ashyq" жобасын іске қосқалы екі күнде  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері короновирусқа шалдыққан 8 жолаушыны анықтады.  Тағы 9 адам вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Яғни, олар ауырғанына  қарамастан, айналасына қауіп туғызатынын елемей,  ел аумағын аралап жүр.  Бірақ, короновирустың таралуын бәсеңдететін қосымшаның   әлде де жетілдіретін тұстары бар,дейді мамандар.  "Ashyqтың" тиімділігі мен кемшіліктері туралы Асылбек Данияр айтады.  

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

"Ashyq" бағдарламасын республика бойынша 5 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектісі пайдаланып отыр. Қосымша арқылы індет жұқтырған 1700-ден астам науқас пен 1300-дей байланыста болғандар анықталған. Бұл коронавирусты жұқтырғанын біле тұра адамдардың ел ішінде жүргендерін көрсетеді.

Бағдарламаның тіркеу тетігін басып, QR кодқа жақындатамыз. Болды. Мәртебеңіз белгілі. Бірақ бұл тек 5 минут   сақталады. Жолға асыққан адамдар бір біріне кедергі тудырмас үшін қосымшаны алдын ала жүктеп алып, мәртебесін ерте анықтағаны жөн.  Ал вакцина алғандар мұнда әзір  көрінбейді. Олар 1-шілдеден кейін ғана  жүйеге енгізіледі. Және оған жасыл мәртебе беріледі, бір жыл сақталады.  Жауаптылардың сөзінше, қосымшадағы өзге де кемшіліктер   бір жарым ай ішінде  шешілетін болады. Себебі ғалымдармен бірге талқылауды қажет ететін мәселелер бар.  Ал техникалық ақаулар 2 аптада қалыпқа келтіріледі.
 
Әсет ТҰРЫСОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық ұсыныстар мен ескертулер, бұл сұрақ бойынша жұмыстар қосымшаға қазіргі таңда жүргізілуде. Статус бойынша қосымшада жақын арада пайда болады.
Елорда әуежайында екі күн бұрын  сынақ ретінде қолданыла бастаған. Біраз түсініспеушілік туындап, жұрт есік алдына кептеліп қалды. Мұны әуежайдың баспасөз қызметі жоққа шығармайды.


Әнуар ШАЛЕКЕНОВ,  Н.НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

2 күннің ішінде  9-ында "сары" мәртебе анықталатын болса, 8 адамда "қызыл" түсті мәртебе анықталды. "Қызыл" түсті мәртебе анықталған жолаушыларға жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдем келгенше олар басқа жолаушылардан оқшауланды. Қателіктерді жөндеп қазір өздеріңіз көріп отырсыздар емін-еркін жолаушылар кіріп келеді.

Вокзалдар мен әуежайларға "Ashyq" арқылы жолаушылардан бөлек, күтіп алушылар мен шығарып салушылар да     кіре алады. Егер "Ashyq" қосымшасы адамның мәртебесін қызыл түсті деп анықтаса, жолаушыға билет құны толықтай өтеледі немесе қайта брондауға мүмкіндік беріледі. Сары түсті мәртебе анықталса, әуе компаниясы мен жолаушы арасындағы әуе тасымалының шарты бойынша төлем жүргізіледі. Ал, шетелден келген азаматтардың  жасыл түсті мәртебесі болса ПТР тапсыруы шарт емес.  

 Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Кез келген адам өз мәртебесін үйде отырып-ақ анықтай алады. Ол үшін басқа телефонмен "Ashyq" сайтына кіріп QR-ды түсіру керек. Мәртебеңізді анықтап алсаңыз, еш жерде кедергі жоқ.   Елорда әуежайына қойылған  "Ashyq" өз нәтижесін берді. Енді 21-мамырдан бастап Алматы әуежайы осы қосымшамен жұмыс істейтін болады.

А. Данияр