Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Диқаншылар тұқымды сырттан тасымалдауға мәжбүр, - сенатор

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1652
Диқаншылар тұқымды сырттан тасымалдауға мәжбүр, - сенатор

Ал, шаруалардың шаруасы өнбей отыр. Бүгін Сенат отырысында Ақылбек Күрішбаев, осыған алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, елде сапалы тұқым жоқ. Сондықтан, диқандар амалсыз тауарлық дәнді себуге мәжбүр.  Әсіресе, майлы дақыл, көкеніс, жем-шөп жетіспейді. Өкінішке қарай, бұл мәселе мемлекеттік органдардың қаперіне кіріп шықпайды деді сенатор. Қолы жеткен фермерлер тұқым түрлерінің кейбірін Ресей, Еуропа сияқты елдерден тасымалдап жүр. Соған сай өнімнің нарықтағы бағасы да қымбат екенін айтты.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Егіншілік саласында шешімін таппай жүрген мәселе көп. Мәселен, еліміздегі басты дақылымыз жаздық бидайдың орташа түсімі шамамен 1 гектардан 12 центрнер болса, бізге ұқсас климаттық жағдайдағы Канада 27 центнер өнім алады. Соңғы 15 жылда Қазақстанда астық өнімділігі орта есеппен 15 пайызға өссе, біздің басты сауда бәсекелестеріміз Ресей, Канада және Австралияда 30-40 есе өскен.


Сенат депутаттары халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден, жұмыс күші жетпейтін солтүстік өңірлерге көшіру бағдарламаларын сынға алды. Сенатор Әлімжан Құртаевтың дерегінше, өзге аймақтарға көшіп барушыларға мүлдем жағдай жасалмайды. Оларға арнап салынған жаңа үйлердің сапасы жоқ. Өйткені, құрылысты салатын шаруа қожалықтары екен. Бұл - заңсыздық. Өйткені, олар кейбір ресми келісу процестерін толық өтпеген, деді депутат.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ, ҚР ПРАЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысамын деушілерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан толыққанды жағдай жасалмай отыр. Көшуге ниет білдірген отбасы қабылдау облыстарының барлық аудандары туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Соның салдарынан олардың таңдау мүмкіндіктері шектеулі. Кейбір жергілікті органдар қоныс аударған отбасы өздері қалаған ауылына емес,әкімшілік таңдаған ауылға жіберуде.

Ғ. Өтемісов