Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймаққа" өтті. Сонымен эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл аймақта" болса, Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары -"сары белдеуде". Ал қалған өңірлерде эпидахуал тұрақты. "Жасыл аймақта"-Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары.
Айта кетейік, өткен тәулікте 2 жарым мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жалпы республикада COVID-19-ға шалдыққандарың саны 350 мыңнан асты.
Б. Сатуов