Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалдар анықталды

AstanaTV
14.05.2021ж. 20:00
2914
Инклюзивті білім беру туралы үздік материалдар анықталды

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалдар анықталды. «Әр бала мектепке баруға лайықты» атты республикалық байқау жеңімпаздарын, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы құттықтады. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылары сынға түскен сайысқа 138 материал ұсынылған. Бауыржан Байбек ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету - партия Лидері 2014 жылы бастамашылық еткен-  «Кедергісіз келешек» жобасының мақсаты екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таныстырған «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтардың бірі екенін де еске салды.

Бауыржан БАЙБЕК,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

93 жылы Елбасы "Болашақ" бағдарламасын құрды. Осы жылдары 14 мыңнан астам қазақ балалары үздік шетелдік оқу орындарында білім алып келді. Әр бала мектепке лайық деген жобаны бастадық. Осы жоба аясында 59 инклюзивті кабинет ашылды. 2 мыңға жуық бала білм алуға мүмкіндік алып отыр.


Қазақстанда ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың саны 160 мыңнан асады, оның ішінде 35 мың бала аутизмге шалдыққан. «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесі Төрайымы Динара Шайжүнісова мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім беру жүйесін біріздендіруге таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.

Динара ШАЙЖҮНІСОВА «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Үлкен қалаларда ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуге жағдайлары мен мүмкіндіктері жеткілікті болғанымен, шалғайдағы аудан орталықтары мен ауылдарда ерекше балалар білім беру жүйесінен тыс қалады. Өңірлерде инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін көтерген журналистер ерекше балалары бар жүздеген және мыңдаған ата-аналардың жанайқайын жеткізуші күшке айналды.

Ғ. Өтемісов