Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда педофилге ашуланып, тәртіпсіздік ұйымдастырған 55 адамға қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
14.05.2021ж. 20:00
1530
Қарағандыда педофилге ашуланып, тәртіпсіздік ұйымдастырған 55 адамға қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда педофилге ашуланып, тәртіпсіздік ұйымдастырған 55 адамға   сот үкім шығарды. Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға кінәлі деп айыпталғандардың 44-і, 4 жылға сотталды, ал 9 -ы 3 жыл орта және төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда жазасын  өтейтін болады, қалған екеу - 1 жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар «Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру мен қатысу» және «Билік өкілдеріне қатысты күш көрсету» бойынша айыпталған.  Бұған дейін күдіктілердің 55 –і кінәсін мойындады.  Тәртіпсіздік салдарынан келген 25 миллион теңге шығын толық өтеледі.  

Динара МҰҒЫБАЕВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Іс бойынша 64 жәбірленуші. Оның ішінде 14 тұлға, 50 полиция қызметкері. Жалпы келтірілген залал 25 млн. теңге. Барлық сотталушылар кінәларын мойындап прокурормен процессуалдық келісім жасаған.

Еске салайық, өткен жылы Сәтпаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, 62 жастағы ер адамның пәтерінен табылған болатын. Артынша қала тұрғындары болған оқиғаға бей-жай қарай алмай,  педофильдің әрекетіне наразылық ретінде көшеге шықты. Тас, таяқпен қаруланған олар  күдіктіні өз беттерінше жазаламақ ниетпен жергілікті полиция бөлімшесінің астаң- кестеңін шығарған болатын. Ал үш айдан соң, «бүлдіршінді зорлады»,- деп айыпталған күдікті тергеу изоляторында асылып қалды. Бірақ бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс әлі қаралап жатыр. " Балаға зорлық көрсеткен 62 жастағы ер адам емес, басқа біреу болуы  мүмкін",- деген болжам бар.

А. Қуаш