Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп кеткен қашқын әлі табылмады

AstanaTV
17.05.2021ж. 20:00
1393
Әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп кеткен қашқын әлі табылмады

Павлодарда әскери шақыру пункіттен қашқан екі жігіттің бірі әлі табылмады. Жергілікті полиция оны таба алар емес. 2-ші мамырда азаматтық борышын өтеуге шақырылуға жататын 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп кеткен еді. Олардың бірі жарақат алып, ауруханаға түсті. Аяғына ота жасалған. Екіншісі Рүстем Назымбековты полиция әлі іздеп жүр. Оның қайда жүргені әлі белгісіз. Айтып өтейік, ол футбол ойыншысы ретінде аймаққа танымал спортшы.