Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті. Абырой болғанда, бүлдіршін дін аман.
Оқыс жағдай Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Баланың автокөліктен құлаған сәті, сол маңайдан өтіп бара жатқан екінші көліктің бейнетіркегіш камерасын түсіп қалыпты. Видеода қыз бала құлаған жерінен өзі тұрады. Кейін анасы байқап, көлікті тоқтатып жанына келген. Полиция бұл іске қатысты әкімшілік іс қозғады. Енді қауіпсіздікті елемеген ана, шамамен 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Ернар САЙДЕЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Бала сол уақытта алдыңғы жолаушылар орындығында балаларға арналған арнайы ұстап қалушы құралғысыз және қауіпсіздік белдігінсіз болғаны анықталды. «Huyndai Elentra» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-шы бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Ә. Лесбек