Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мектептегі мәселені білім бөлімі назарға алды

AstanaTV
17.05.2021ж. 20:00
1559
Мектептегі мәселені білім бөлімі назарға алды

Мәселе қалалық білім бөлімінің ерекше назарында. Бөлімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  педагогтарды кәсіптік міндетттерімен байланысты емес жұмысқа тартты  деген бейнежазбаға сәйкес  директорға тәртіптік шара қолданылған.   Сондай-ақ білім ұйымына тексеріс жүргізіліп жатыр.
 
АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектепке 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Жөндеу кезіндегі дұрыс жасалмаған жұмыстар бойынша кепілдік мерзімі ішінде қалпына келтіру туралы мердігер мекемеге хат жолданған. Ал желіде келтірілген арыз бойынша Атырау облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеру жүргізілуде. Жағдай қатаң бақылауда болады.

Б. Надірқызы