Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Ауыл- ел бесігі" жобасы жүзеге асырылуда

AstanaTV
17.05.2021ж. 20:00
1199
"Ауыл- ел бесігі" жобасы жүзеге асырылуда

Ауылдарды қарқынды дамыту керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Осы мақсатта 3500 ауылды дамыту үшін  5 жылда  800 млрд теңге жұмсалмақ.Биыл «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 1 миллион 300 мың тұрғыны бар  480-нен астам елді-мекенді дамытуға 105 млрд. теңге қарастырылып отыр.  

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 40%-тен астамы ауылдық жерде тұрады. Бұл ретте жекелеген ауылдардағы өмір сүру деңгейі мен сапасы арасында айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық айырмашылық сақталуда. Айталық, «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, әрбір екінші отбасының ай сайынғы табысы 100 мың теңгеден, әрбір оныншы отбасының табысы 42500 теңгеден аспайды.

Ауыз су мәселесі шешілмеген елді мекендерді де назарға алу керек. Депутаттардың аутынша, ауылдардағы бұл проблемалар  жергілікті биліктің салғырттығынан туындаған.  Халыққа қолайлы жағдай жасау қажет.   Сондай-ақ  өңірді дамыту жұмыстарын жүйелеген жөн.  Мысалы, іріктемелі талдау жүргізу кезінде   ауылдардың кейбір аумақтары  жобаға кірмей қалады. Осындай олқылықтарды түзету үшін қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әлішер ӘБДІҚАДЫРОВ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ауылдардың мүмкіндігін анықтау үшін біз жаңа әдіс ойлап таптық. Елді мекендер   әлеуметтік, экономикалық белсенділігі мен көрсеткіштеріне орай іріктелді. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында алдымен инфрақұрылым жақсартылады. Мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге, жаңғыртуға үлкен мән беріледі.

Л. Қуанышқызы