Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бүгін -Батырхан Шүкеновтың туған күні

AstanaTV
18.05.2021ж. 20:00
888
Бүгін -Батырхан Шүкеновтың туған күні

Бүгін- Батырхан Шүкеновтің туған күні. Көзі тірі болғанда өнер иесі  59 жасқа толар еді.  

Талантты  әншінің қоңыр даусы көпшіліктің жүрегіне жол таба білді.  Сондықтан ол орындаған әндер әлі де тыңдарманының көңіл түкпірінде сайрап тұр. Халқының сүйікті ұлын   ұлықтау үшін Елорда әкімдігі қалалық саябақта ескерткіш орнатпақшы.  Осыған орай   ең үздік эскиз-идеяға  байқау  жариялады.Әзірге эскиздің бірнеше түрі ұсынылып отыр.  Онда әнші саксафонмен бейнеленген.  Байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Оған кез-келген адам қатыса алады. Өз ұсынысыңызды "Birge" платформасына жолдай аласыз. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.  

Ә. Өмірзақ