Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Үндістандағы пандемия мен қуатты циклон салдары

AstanaTV
18.05.2021ж. 20:00
1349
Үндістандағы пандемия мен қуатты циклон салдары

Ал, Үндістанда жағдай оңалмай тұр. Бір күнде 4 мыңнан астам науқас коронавирустан көз жұмған. Жалпы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері, бұл елде 25 миллионнан астам адам індетті жұқтырыпты. Күні кеше  Үндістанның батыс жағалауында екпінді тропикалық циклон болып, 18 адам көз жұмды.

Бұл жығылғанға жұдырық болып тұр. Тағы 127 адам із-түзсіз жоғалғандар санатына кірді. Жағалаудағы желдің екпіні сағатына 209 шақырымға дейін жеткен. Қазір бұл өңірде әуежай мен порттар жабылды. Табиғат апатының салдарын жою үшін аймаққа бірнеше мың құтқарушылар мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған. Үндістан билігі енді табиғи апаттың салдарын және COVID-19 пандемиясына қарсы күреспен бір уақытта күресуге мәжбүр.