Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Bek Air» 7 миллионнан астам теңгені жолаушыларына қайтаруға міндеттелді

AstanaTV
18.05.2021ж. 20:00
1639
«Bek Air» 7 миллионнан астам теңгені жолаушыларына қайтаруға міндеттелді

«Bek Air» әуекомпаниясы сатып алынған билеттер үшін, жолаушыларға жеті миллион теңге қайтаруға міндеттелді. Бүгін Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында әуекомпанияға қатысты үкім шықты. Онлайн процеске компаниядан билет алып, қаржысын өндіре алмаған 119 тұтынушы қатысқан. Олар жалпы сомасы жеті миллион теңгеден асатын 233 әуе билетін сатып алған. Бірақ компанияға тиесілі 2019-шы жылы болған ұшақ апатынан соң ол қызметі ала алмаған еді.  Компания басшысынан өздігінен қайтарып ала алмаған бұқара сотқа жүгініген болатын.

Индира ӘБЕКОВА, АЛМАТЫ қ.ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Сот Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. «Бек Эйр» әуекомпаниясы тұтынушыларының бұрын сатып алынған билеттерінің құнын толық өтеуге міндетті деп танылсын.


Сот үкімін тындауға жауапты мекеме өкілдері қатыспады. Айта кетейік, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұған дейінгі отырыстарда тұрғындардың талап-арызын қанағаттандырған болатын. Ол кезде әуе компания тұтынушылардың 103 миллион теңгесін қайтаруға міндеттелген еді.

Ә. Лесбек