Бүгін
президент үкіметтегі тағайындауларды түсіндірді. Жақында премьер-министрдің екі
бірдей орынбасары сайланған еді. Олар Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев.
Президенттің айтуынша, Асқар Жұмағалиев "Сандық Қазақстан"
бағдарламасын жүзеге асыратын болады. Оның әр министрлікте өкілі болмақ. Ал Ерболат
Досаевтың негізгі жұмысы экономика, қаржы, елдің макроэкономикасы мен бюджеттің
жартысы жұмсалатын әлеуметтік бөлікті қамтымақ. Президент жүктелген тапсырмалар
қолдан келеді деп мәлімдеді.