Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Үндістандық" штамм Қазақстанға жетті ме?

AstanaTV
20.05.2021ж. 20:00
1853
"Үндістандық" штамм Қазақстанға жетті ме?

Қазақстан неге шетелдің қымбат вакцинасына қарап қалды? Сенатор Айгүл Қапбарова Денсаулық министрінің осындай сауал жолдады. Мәселен коронавирусқа қарсы қытайдың «Hayat Vax» препаратының бір дозасы 60 доллардан сатып алынған. Ал, ал ресейлік «Sputnik V-дің» бағасы- 26 доллар. Отандық   препарат одан біршама арзан, бір құты-9 доллар тұрады.  Алексей Цой төтесінен қойылған бұл сұрақтан қалай сытылды?  Сондай-ақ "үндістандық" штамм Қазақстанға жетті ме?   Асылбек Данияр айтады.

Отандық вакцинаға әупірімдеп жүріп қол жеткіздік. Препаратты күткендер көп болды. Бірақ, өндіріс зауыты болмағандықтан ғылыми орталық тек 50 мың дозасын шығарды. Соның бірінші  компоненті таусылуға жақын. Бірақ, министрдің айтуынша, Жамбыл облысындағы жаңа зауыт жыл аяқталғанша бес жүз мың дозаға дейін екпе шығаруды жоспарлап отыр. Дегенмен, тиімділігі 10 пайызға төмен «Hayat Vax-тың» құны шарықтап тұр. Неге?

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойып, белгілеп отырады. Біздің міндетіміз - қысқа мерзімде Қазақстан халқын вакцинамен қамтамасыз ету өте маңызды. Тұрғындар қалаған вакцинасын салғыза алатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар.


Медицина сарапшысы Әкім Тұрсын Ресей сияқты "QazVac-ты" да бизнес өкілдеріне беру керек деп есептейді.

Әкім ТҰРСЫН, ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мысалы қазір «Sputnik V-ді» алып келген бизнес өкілдеріне соған "QazVac-ты" беріп белгілі бір дәрежеде авторлығы бойынша ҒЗИ-ға төлеп қалған пайдасын көріңдер дейтін болса, ол әлде қашан тиімділігі жағынан мүмкін осы күнде Денсаулық сақтау ұйымының Еуро союзға кіруге рұқсат деген вакцинаның қатарына кіріп кетер еді.


Ол сондай-ақ "үндістандық" штамм елге келіп қойған жоқ па деп күдіктенеді.  Ал, Алексей Цой   індеттің мутацияға ұшыраған бұл түрі ешкімнен кездеспегенін айтады.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Енді Үндістанмен барлық тікелей рейстерге тыйым салынады. Сонымен қатар, бас дәрігердің ПТР теріс болса да, Үндістаннан келетіндердің барлығы оқшауланып, 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болуы керек деген жарлығы бар. Енді елге коронавирусты анықтайтын ПТР-сіз келуге тыйым салынды.

Қазір елде коронавирусқа шалдыққан 35 мыңнан астам адам ем алып  жатыр. Оның 742-нің жағдайы ауыр. Эпидахуал әлі тұрақсыз.

А. Данияр