Шымкентте саябақтар мен гүлзарларды күтіп баптайтын жауапты мекеменің ауысуы үлкен проблема туғызды. Жас көшеттер қурап, субұрқақтар қақсып тұр. 15 жылдан бері жасыл желекті жайқалтуға, айналаны көркейтіп-көгалдандыруға жауапты мекеме биыл тендерде ұтылып қалыпты. Ал тізгінді сәуірде қолға алған серіктестіктің өкілдері бәрін қатырып жатырмыз дейді. Өңірден-Айзада Төребекқызы.
Абай саябағына күзде егілген ясин көшеттерінің біразы қурап қалыпты. Бұл уақытылы суарып, күтім жасамағаннан дейді мамандар. Осыған дейін саябақтарды күтіп ұстауға жауапты болған мекемек өкілдері есіл еңбектің еш болып жатыр деп қиналады. Тендер әділ өтпеді. 15 жылдың тәжірибемізді ескермей құрылыста жүргендерді тартты деген өкіл қазіргі жауаптылардың жұмысы шала деп сынады. Сайманы мен маманы тапшы. Саябақтарда автоматты суару жүйесі бар. Соны да пайдаланып отырған жоқ дейді.
Ұланбек АЛДАБЕРГЕНОВ, "ШЫМКЕНТ ЖАСЫЛ ҚАЛА" ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:
Қараусыз қап кетіп жатыр. Біз соған жанымыз ашып жатыр қазір. Біз бұл уақытта бүкіл системаның бәрін су жүйесін қосып, уақытылы қарайтынбыз. Осының уақтылы бекітілген өзіміздің мамандарымыз бар еді. Олардың бәрі мінекей қазір жұмыссыз қалды. Бұлар қазір водовозбен суарып жүр, екі адам жетеді бәріне деп.
Тендерде тауы шағылған мекеменің 500 жұмысшысының жартысынан астамы далада қалған. Екі жүздейі жаңа мекеменің шақыртуын құп алғанмен, өзге мамандар бір жарым айдан бері сенделіп жүр.
Түймебай ШЫҢҒЫСБЕКОВ, МЕХАНИЗАТОР:
Қазір енді ана фирма ұтып алғаннан кейін жұмыс жоқ бізге. Кредитімізді төлей алмай жатырмыз. Сол проблема біздің.
Жұмабек ЖҰХАНОВ, САНТЕХНИК:
Бізден бір екі бала сол жақа өтіп барыпты бірақ. Сантехник қып алады да бірақ газон оруға салады. Газон орып жатқан кезде саусағын кесіп алған екен екі саусағын. Оны ешкім жауап та бермеген. Айлығын да дұрыстап бермей жатыр екен олардың шынына келгенде. Сөйтіп бізге айтып жатыр келмей-ақ қойыңдар, лучше жұмыссыз жүре беріңдер деп жатыр.
Ал тендерден ұтып алған мекеме өкілі мұның бәрін теріске шығарды. Қайта бұрынғы басшылары барлығын жібермей отыр деп кінәлайды. Айтуынша, қазір жұмысшылардың жалақысы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары. Ал судың ақпай тұрғанын бұрынғы мекемеден көріп отыр.
Эльнар БАУЫРЖАНҰЛЫ, "BUILD STROI" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі автожүйе арқылы суаруда қолды ұстап тұрған кедергілер «жасыл қала» мекемесі тарапынан болып жатқан кедергі. Насостарды бермей жатыр. Одан бөлек су арнасы және энергопотокпен келісімге отыратын шарттарды да берген жоқ.Олар тендерден ұтылып қалғанына қарамастан барынша уақытты созып, түрлі кедергілер жасап бағуда.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Судың жоқтығынан субұрқақтар да уақытылы қосылмай тұр. Әдетте 1-мамырдан кешікпей су шашыратып, көркі кіріп-ақ қалатын. Алайда, қаланың қақ ортасындағы мына «Қызғалдақтың» өзінде көріп тұрғанымыздай қазір дайындық жұмыстары енді ғана жүріп жатыр.
Субұрқақтарға жауапты өкіл қаладығы 37 субұрқақтың 22 сі қосылып үлгергенін айтады. Өзгесі жөнделіп жатыр дейді. Алайда, талай жыл тапжылмай жасыл желекті күтіп баптаған мекемедегілер тендерді қайта өткізуді талап етіп отыр. Бұл істі прокуратура назарына алды. Құзырлы орган конкурс жеңімпаздары заңсыз анықталғандықтан, ішкі мемлекеттік аудит департаментіне ұсыныс жолдаған.
А. Төребекқызы