Атырауда жолаушылар автобусы адам басып кетті. Қайғылы жағдай жаяу жүргіншілер жолында болған. Жол көлік оқиғасы автокөліктердің бірінің бейнекамерасына түсіп қалған. Онда №57 бағыттағы автобус жаяу жүргінші жолына тоқтамай, өтіп бара жатқан қызды жаншып өткені көрінеді. 26 жастағы бойжеткен сол жерде жан тапсырды. Ал 49 жастағы жүргізуші қамауға алынды.
Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Салдарынан 94-інші жылы туған азаматша оқиға орнында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3 бөлігі, «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша жүргізілуде.
Б. Надірқызы