Елімізде алдағы күндері қатты ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігі мен шығысында термометр бағаны қырық градусқа дейін көтеріледі. Алайда күннің қатты ысуы көпке созылмайды. 27 мамырдан бастап қалыпты ауа райы орнайды дейді синоптиктер.
Әйгерім ПЕРЕПИС, ҚАЗГИДРОМЕТ РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
27 мамырдан бастап Солтүстік және батыс аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан антициклон әсер етеді. Осыған байланысты батыста 25-33 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде 18-28 градусқа дейін жылу төмендейді деп күтілуде.
Күннің бірден ысып кетуі денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Сондықтан дәрігерлер халықты сақтыққа шақырды. Себебі, мұндай ыстықта жүрек ауруы мен гипертония күшеюі мүмкін.
Ғ.Өтемісов