Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркістан облысында қазылған орға тасбақалар мен бауырмен жорғалаушылардың түсіп кетуі жиілеп тұр

AstanaTV
24.05.2021ж. 20:00
939
Түркістан облысында қазылған орға  тасбақалар мен бауырмен жорғалаушылардың түсіп кетуі жиілеп тұр

Түркістан облысы аумағында қазылған  орларға  тырбаңдаған тасбақалар мен бауырмен жорғалаушылардың түсіп кетуі жиілеп тұр.

Торға түскендей болған тіршілік иелерін «биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» экспедициясының мүшелері құтқарып алды. Тереңдігі екі метрге жуықтайтын шұңқырлардан олар өздігінен шыға да алмайды. Шұңқырда жатқан жыландар мен тасбақаның саны тым көп, дейді оқиға орнында болғандар. Айта кетейік, аймақтағы бұл алғашқы құтқару операциясы емес. Өкінішке орай өңірде жазық далаларда мұндай шұңқырлар өте көп.  Жайылған малды өз аумағына өткізгісі келмегендер арнайы техниканың көмегімен қазып тастаған. Орға  төрт түліктер де түсіп , арам қатып жататынын ауыл тұрғындары талай айтып жүр. Телімін қызғыштай қорығандар тіпті ұлттық паркке тиесілі аумақтарды да қазып тастапты. Жерге жауапты мамандар облыс аумағында жалпы 42 мың гектарға жуық 139 телімнің заңсыз қоршалғанын анықтады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ:

Аталған жер пайдаланушылар ҚР Жер кодексінің 140 бабының талаптарын бұзып, яғни жерді заңсыз бүлдіріп, жердің құнарлы қабатын бұзып, сыдырып алып қоршаған ортаға зиян келтіруде. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 337-бабына сәйкес, қоршаған ортаға келтірген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, жерлері сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтарылады.

А. Төребекқызы