Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Теміржол билеттерінің құны 10 пайызға қымбаттайды

AstanaTV
18.04.2016ж. 20:00
2336
Теміржол билеттерінің құны 10 пайызға қымбаттайды

25 cәуірден бастап теміржол билеттерінің құны 10 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы ақпарат ұлттық тасымалдаушы компанияның ресми сайтында жарияланды. Онда барлық облысаралық теміржол билеттерінің құны өседі делінген. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы өкілдері мұның себебін "компания шығынға батпау мақсатында бағаны өсіруге мәжбүр болды" деп түсіндіреді.

Енді Астана-Алматы бағытында плацкарт 4 180, купе 6500 теңге тұрады. Астана-Шымкент, тиісінше, 5280 теңге мен 8 140 теңге аралығында. Ақтау-Алматы аралығында ең ұзақ бағытқа плацкарт 8 мың, купе 12500 теңге тұрады. Сонымен бірге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарында да билет бағасы өседі. Бірақ билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.

Еске салайық, теміржол билеттерінің құны былтыр да өскен. Сол кезде «Қазақстан темір жолы» 2016 жылы теміржол ақысы қымбаттамайды деп мәлімдеген болатын. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ