Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралда көршілер төбелесіп, масқара болды

AstanaTV
27.05.2021ж. 20:00
2849
Оралда көршілер төбелесіп, масқара болды

Оралда көпқабатты үйде тұратын көршілер бір-бірімен төбелесіп, масқара болды. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, аулада ойнап жүрген  балалар бір-бірімен сөзге келген.  Кейін олардың дауына ата-аналары араласыпты.Бір үйде тұратын көрші келіншектердің арасындағы ұрыс-керіске күйеулері де қосылған көрінеді. Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ашуға мінген қызуқанды жігіттер бір-біріне жұдырықтасып, қым-қиғаш болған. Оларды  тәртіп сақшылары әрең ажыратып алды. Ойын баласы үшін бір-бірінің бет-аузын қан қылған көршілердің енді қалай татуласары беймәлім.
 
Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Төбелес кезінде бірнеше адам түрлі жарақат алған. Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралып жатыр.

Е. Карин