Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтар биыл да қажылыққа бармай қалуы әбден мүмкін

AstanaTV
27.05.2021ж. 20:00
2298
Қазақстандықтар биыл да қажылыққа бармай қалуы әбден мүмкін

Қазақстандықтар биыл да қажылыққа бармай қалуы әбден мүмкін. Сауд Арабиясы билігі құлшылық етуге келетіндерге қатаң талап қойды. Ол үшін ниет еткендер батыс елдердің  вакцинасын салдыруы шарт. Ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы растады. Оның үстіне елге баратын азаматтар тікелей рейспен баруы керек деген де ереже   бар. Сауабы мол сапардың өзгеде шарттарын әріптесім Асылбек Данияр жеткізсін.

Елордалық Гүлнұр Аманова былтыр отағасымен бірге қажылыққа баруды ниет екен. Бірақ, пандемияның салдарынан сапарларын кейінге шегерді. Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі талабы биылғы жоспарымыздың да күл-талқанын шығарды, дейді ол.  

Гүлнұр АМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шетелдік вакцина өзімнің көзқарасым қарсымын. Тек қана осы Еуропаның ғана вакцинасын ғана қажылыққа бару керек дейтін болса, Алла разылығы үшін көнуге тура келеді. Бірақ мен ойлаймын, біздің қазақстандықтар да қалыс қалмай өз азаматтары үшін жауап беруге тиісті деп ойлаймын Еуро одақтың алдында.

Мұсылманның парызы болып саналатын қажылыққа барғысы келетіндер екпе алудан жасқанып отырған жоқ. Бірақ, елдегі қолжетімді препараттардың ешқайсысы көмектесе алмайды. Вакцинаның бірде-біреуі бекітілген тізімге енбеген.

Жанділдә БЕКЖІГІТОВ, ҚР ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІНҢ БАСШЫСЫ:

Әлемнің қай мұсылман мемлекетін шақырады ол әзірге үлкен мәселе негізі осы. Оның ішіне Қазақстан кіре ме, кірмей ме тіпті ТМД мемлекеттері кіре ме, кірмей ме деген мәселені өздерінде талқылап жатыр. Әзірге 99 пайыз бармайды, шақырмайды.  

Пандемияға дейін Сауд Арабия еліне құлшылық жасау үшін 3 миллион адам келіп жүрген. Биыл санитарлық ережеге, індеттің әлі де жылдам тарап жатқанына байланысты 60 мың ғана адам қалаға кіргізілмек. Оның 15 мыңы- жергілікті халық, қалғаны- шетелдіктер.  Денсаулық сақтау вице-министрі жақын күндері елімізге америкалық ғалымдар дайындаған коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы әкелінетін шығар деген болатын.. Мәселені   сол ғана шешуі мүмкін.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ (19.05.2021 ж.):


Жалпы бұл келісім сөз америкалық екпе өндірушімен біз қазір өткізудеміз. Келісім сөздің аяқталуына жақынбыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 3 мыңдай адам қажылыққа баруға ниет етіп отыр. Айта кету керек, сапар 17 шілде басталады. Оған қоса шетелдіктердің 3 күн карантинге жататынын ескеріліп, бірнеше күн бұрын жолға шығу қажет. Дегенмен, Сауд Арабиясы билігі әлі де өзгерістер енгізуі мүмкін деген үміт бар. Бірақ тағы бір мәселе- ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Ал Қазақстанның ондай мүмкіндігі жоқ.   

А. Данияр