Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ойыншықтар сапасы сын көтермейді

AstanaTV
27.05.2021ж. 20:00
3920
Ойыншықтар сапасы сын көтермейді

Ойыннан ғана емес, ойыншықтан да от шығады. Дәрігерлер қазір балалар арасында ауру көп дейді. Үндемей улап жатқан ойын құралдары туралы Ақбота Базарбай зерттеп қайтты.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:


Өрмекші адам, халк, тарнсформер, аквамен, тағыда не бар Ққдай-ау. Балалар мультфильмында жиі көретін кейіпкерлеріне жармасады. Қайда болса да, қанша тұрса да алады.Бір қарағанда еш зияны жоқ. Жалт-жұлт етеді. Былқ-былқ етеді. Бала біткен бір көргенннен қолмен ұстап, аузына салып көргісі келеді. Бірақ иісі жаман.  

Дүкендегі ойыншықтың бірнешеуін алып, зертханаға бардық. Мамандар тексерді, саралады. Олар бұған дейін де шет елден әкелінген тауарлардың көп түріне зерттеу жүргізген. Нәтижесі көңіл қуантпайды.

Индира ЖАРАСОВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЗЕРТХАНА МАМАНЫ:  

Қытай елінен келетін ойыншықтар тексерістен өтеді. Олардың ішінде балаларға танымал кукла Лол, слайм, лезун сияқты ойыншықтар тексерістен өткен болатын. Олардың құрамынан иісі жағынан, химиялық қасиеттері жағынан формальдегид, токсикологиялық көрсеткіштері жағынан улағыштық қасиеті жоғары оң нәтиже берген болатын.

Ата-аналардың өздері де ойыншықтың сапасын саралай алады.  Сатып аларда міндетті түрде ойыншықтың таңбалауына назар аударған жөн. Өнімді шығарған кәсіпорынның аты, тауардың белгісі, бұйымның атауы, және қай жасқа арналғандығы, дайындалған күні анық көрсетілуі тиіс.

Қарлығаш ӘБДІШЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Сәйкестігінің көбісі 70 пайыздан астамы бұл таңбалануы бойынша сәйкес емес. Ал қалғаны бұл токсикологиялық көрсеткіштер бойынша және иісі бойынша, пропилен спирті, формальдегид, фенол солардың шектеулі нормадан артық болуы бойынша сәйкес келмеді.

Мамандардың айтуынша, биыл  төрт айда елордада сатылып жатқан   ойыншықтардың  70 пайызы талапқа сай келмеген. Шын мәнінде бұл көрсеткіш мұнан  көп болуы мүмкін. Себебі балаларға арналған тауарларға бақылау жасайтын орган әр ойыншықты аударып, төңкеріп жүрмейді.  Тек белгілі бір мөлшерін алады да сараптама жасап соның нәтижесі бойынша тұтас нарықтағы жағдайға баға береді.  Сондықтан   дәрігерлер көздің жауын алатын  қызылды-жасылды  ойыншықтар балалардың денсаулығын құртып жатыр дейді.

Сымбат МҰРАТОВА, ПЕДИАТР:

Құрамында тамаққа қолданатын силикон емес, формальдегид қосылса, сапасыз резинкадан жасалынса бала сол ойыншықты аузына салғанда аузы уылып, стаматит пайда болуы мүмкін, ішек аурулары пайда болуы мүмкін.

Статистикаға сүйенсек, сауда сөрелерінде самсап тұрған ойыншықтардың 65 пайызы -Қытайдыкі, қалғаны -Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, украинадан әкелінеді.  Соның ішінде Қытайдан заңсыз  тасымалданатын тауарлардың саудасы қызып тұр.   Арзан, сапасыз, қауіпті ойыншық сатып пайда таппақшы болған кәсіпкерлерге биыл 10 млн теңге айыппұл салынған.

А. Базарбай