Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада депутат өз қаражатына ойын алаңын салып берді

AstanaTV
27.05.2021ж. 20:00
2060
Қызылордада депутат өз қаражатына ойын алаңын салып берді

Қызылордалық балалар мереке қарсаңында тосын сыйға ие болды. «Nur Otan» фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев қаладағы Ақмешіт 2-ші үй ауласына ойын алаңын салып берді. Өтініштерін жерге тастамаған депутаттың бұл ісіне жұртшылық дән риза.

Мұқағали ТЕМІРБАЙ:

 
Ойын алаңында бізге өте ұнады. Осы ағаларға рахмет. Жазғы демалысымыз жақсы өтетін болды.


Құрылыс жұмыстарына Мағжан Ералиев өз қаражаты есебінен 8 млн. теңге жұмсаған. Ол бұған дейін де көптеген қайырымдылық шараларға ат салысқан. Ал Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өз замандастарын игі бастамаға үлес қосуға шақырды.

Құрылыс жұмыстарына Мағжан Ералиев өз қаражаты есебінен 8 млн. теңге жұмсаған. Халық қалаулысы бұған дейін де көптеген қайырымдылық шараларға ат салысып, қаланың дамуына үлес қосып жүр.    

Мағжан ЕРАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіздігімізге байланысты 30 игі іс марафонын жариялаған болатын. Үндеудің кезінде өзім уәде берген болатынмын. Осы Ақмешіт мөлтек ауданына балалар ойнайтын алаң салып беремін дегенмін. Сол уәдемде тұрдым. Мұндай қайырымдылық шаралар жалғасады деп ойлаймын. Тек мен ғана емес, жас кәсіпкерлер, жас дупататтар халыққа өздерінің жақсылығын істесе деген үміт бар.

М. Тоқтасынқызы