Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

БҚО оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директорына үкім шықты

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
3468
БҚО  оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директорына үкім шықты

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директоры Ләззат Қожахметоваға үкім шықты. Жаңақала аудандық сотының хабарлауынша, ол өз шәкіртіне өгей әкесінің азғындық жасағанын білсе де, ауыр қылмысты жасырып қалуға тырысқан. Тіпті өз қызметкерлерімен жиын өткізіп, бұл оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салған. Бұл аздай зәбір көрген оқушының шешесінен қызды басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Сот оны   кінәлі деп тауып, үш жыл  бас бостандығын шектеді.   Қызметінен уақытша шеттетілген Ләззат Қожахметова пробациялық бақылауда болады.

Ілияс ІРГЕБАЕВ, ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қожахметованың қылмыстық әрекетсіздігінің нәтижесінде қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер өгей әкесімен екі мәрте жасалған. Сотталушының кінәсі куәлардың, беттестіру жүргізу хаттамаларымен дәлелденді.

Бірақ сотталушы Лариса Қожахметова үкіммен келіспейді. Оның қорғаушылары да мектептен тыс жерде болған оқиғаға директордың айыпталуы қисынсыз екендігін әрі бұл істің толық дәлелденбегенін айтып отыр. Олар мұндай сорақылықтың Қазақстанда алғаш рет болғанын мәлімдеп, халықаралық соттарға дейін шағымданатынын жеткізді.

Асылхан НҰРХАНОВА, БҚО АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жас баланың болған-болмағанына анасы сенбедім деп тұр ғой. Енді қараңыз: бұл жерде мектеп мұғалімдеріне келіп айтты деп тұр. Әлі күнге дейін анасының тарапынан полицияға түскен арыз жоқ. Өгей әкесі тиісті, осындай факті орын алды деген арыздың болмауының өзі мұндай қылмыстың болмағанының дәлелі болып табылады. Ең басты факт осы бұл істе.


Е. Карин