$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Облыс басшылығы Ақтөбе қаласында енді сасық иіс болмайды деп сендірді

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
2675
Облыс басшылығы Ақтөбе қаласында енді сасық иіс болмайды деп сендірді

Ақтөбе өңірінің басшылығы, енді облыс орталығында қолқаны қабатын сасық иіс болмайды, деп  сендірді. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың сөзінше, соңғы бір айда кәріз жүйелеріне тазарту қондырғыларын орнатып, ірі өндірістік мекемелерге бақылауды күшейту жұмыстары өз нәтижесін бере бастаған.

Алайда, мәселе де жоқ емес. Спирттік өнімдер шығаратын мекемелер қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар тастауын доғарар емес. Мәселен, «Максимус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарған қалдық суларда нитратты азот әдеттегі нормадан 8 есеге жуық, сульфаттар 2 есе, фосфаттар мен хлоридтер бір жарым есе асып кеткен. «БН Ақтөбе» серіктестігіне де жергілікті тазарту құрылғысын орнату туралы нұсқама берілген. Жауапты мамандардың айтуынша, бүгінге дейін 40 кәсіпорында тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ, шаһардағы кәріз жүйелеріне тазарту қондырғыларын орнату жұмыстары да жалғасып жатыр. Қоғам белсенділері жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, тұрғындардың 70 пайызы қаладағы сасық ауаның жойыла бастағанын айтқан.

Қайрат Бекенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Заңды сақтайтын болсақ, ондай иіс болмайды. Ең негізгісі осы бастап жатқан іс тоқтамау керек. Егер тоқтайтын болса, әрине, 2-3 айдан кейін тағы осындай иіс мүңкіп шығуы мүмкін. Біздің ең басты мақсатымыз - қоғамдық, тұрғындармен бірге барлық тексеретін мекемелермен бірге осы мекемелерді тәртіпке келтіру.