Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматы индустриалды аймағының мүшелігінен 14 өндіріс орны шығарылды

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
2709
Алматы индустриалды аймағының мүшелігінен  14 өндіріс орны шығарылды

Алматыда бір мезетте 14 бірдей өндірістік мекеме индустриалды аймақтан шығарылды. Әңгіме, өз зауыттарын салуды жоспарлағанмен, түрлі себептермен жұмысты бастамаған компаниялар жайында. Бұл туралы біздің арнамызға «Алматы Индустриалды аймақ» компаниясының басқарушы директоры Әділ Бүрлібаев айтты.

Индустриалды аймақ жұмысын бастағалы жер учаскелерін игеру және жоспарланған инвестицияларды тарту бойынша құрылыс индустриясы көшбасшылық жасаған болатын. Алайда, салалық дағдарысқа байланысты көптеген компаниялар өз жоспарларын қайта қарауына тура келді, - деп атап өтті Бүрлібаев. Тағы бірқатар зауыттар қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан қолға алған істерін тоқтатуға мәжбүр болған. Талапқа сәйкес жер учаскелері жеке компанияларға бар болғаны үш-ақ жылға жалға беріледі.

Әділ Бүрлібаев, «Алматы индустриалдық аймағы» ЖШС бас директоры:

Егер біз жобалау жұмысының жоқтығына көз жеткізсек, яғни сәулеттік жобалау тапсырмасы жоқ болса, мердігер анықталмаса, жер жұмыстарына кіріспеген жағдайда, біз міндетті түрде ол компаниялармен әңгіме жүргіземіз. Немесе жерді жалға алу келісімшартын мерзімінен бұрын бұзуға дейін барамыз. Не болмаса компания инвестор кетіп қалды, болмаса, басқа да себебін айтқан жағдайда жағдай өзгереді.

Әділ Бүрлібаев аталған аймақтан таяу мерзімде 21 млрд теңге инвестиция салған тағы үш компанияның шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олар да өндірісті жандандырудағы міндеттерін дер кезінде орындамаған. Бас директор, дегенмен босаған жерге өзге кәсіпкерлер жайғаса алатынын, атап өтті. Айта кетейік, индустриалды аймақтың қорында әлі 75 гектар бос жер бар.