Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Вакцинаның интервалы тағы өзгереді

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
3408
Вакцинаның интервалы тағы өзгереді

Вакцина төңірегінде әлі әңгіме көп. Әсіресе, бұл Ресейдің Sputnik V екпесіне қатысты. Министрлік өкілдері қос доза арасындағы интервал тағы да өзгеруі ықтимал дейді. Айтуынша, дүниежүзі ғалымдары аралық уақытты ұзартса, тиімділігі де соғұрлым сақталады. Қазір аталған үрдісті Украина, Франция, Ирландияның денсаулық сақтау министрліктері қолданып жатқан көрінеді. Олар екінші компонентті 3 айдан кейін егеді.

Айнагүл ҚУАТБАЕВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған мәліметтер негізінде вакцинаның екінші дозасын салу мерзімі 21 күннен 90 күнге дейін ұзартылды. Қазақстанда "Sputnik V-дің" екі компоненттің аралығын 45-тен 90 күнге дейін, қалған препараттардың да интервалын ұзартуы мүмкін.

Бұдан бөлек, қазақстандықтардың қажылыққа баруы тоқтатылуы мүмкін. Министрлік тізімге енген вакциналар әзір келмейтінін айтты. Айта кетейік, елде вакцина алғандар саны 2 миллионнан асты. Ал, екпенің толық курсын 1 миллион тұрғын аяқтады.

А. Данияр