Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкенттік кәсіпкерлер құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап бара жатқанына алаңдаулы

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
3103
Шымкенттік кәсіпкерлер құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап бара жатқанына алаңдаулы

Шымкенттік кәсіпкерлер құрылыс материалдарының құны күннен күнге қымбаттап жатқанына алаңдаулы. Мегаполисте көпқабатты зәулім үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделіп, үлкен жолайрықтардың құрылысы қарқынды жүруде.  Бірақ осы салада тер төгіп жүрген компания өкілдері  қажетті заттардың құны тым жоғары болып тұр дейді. Олардың айтуынша, соңғы уақытта   әсіресе битум мен металл өнімдерінің, атап айтқанда арматураның  бағасы күрт өсіп кеткен.  Кәсіпкерлер бұл нысан  құнына,  халықтың тұрғын үйге  қолжетімділігіне кері әсерін тигізеді дейді.

Рәшкүл ОСПАНАЛИЕВА, «КОРПОРАЦИЯСЫ БЕРЕКЕ-А» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Развязка дейміз мосттартарға 80 жыл тұру керек ол мост. 80 жыл тұратын мостқа яғни біз ең сапалы арматураны салуымыз керек. канатка деген бар төбесіндегі балкалар істейтін. Оны тек Ресейден біз вагонмен сатып аламыз, сөйтіп мысалы өзіміз құямыз. Соның барлығы қазір екі есе қымбаттап кетіп жатыр. Сондықтан да мен айтар едім, бұл жерде мемлекеттің, министрліктің тарапынан бұл мәселені шешпесек болмайды.

Әл-Фараби МЕРКІБЕКОВ, «БЕРЕН» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Егер былтырғы октябрь, ноябрь айларында 190 -220 ға барып тұрса, қазіргі таңда 385-400 мыңға дейін барып тұр. Біздегі өндіріп жатқан темір бұйымдарының бағасы өсіп жатыр, бірақ Қазақстанға оның бәрі қалып жатқан жоқ. өте көбі шетелге кетіп жатыр.   

Бұл мәселе бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасында  талқыланды.  Кәсіпкерлер ұтып алған тендерде көрсетілген бағаға келісілген құрылысты жүргізу мүмкін болмай қалғанын алға тартуда. Ал арзанын қолдану тұрғын үйдің сапасы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Құрылыс саласындағылар бұл қымбатшылық сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстар бойынша объектілерді уақтылы тапсыруға теріс әсер етуі мүмкін деп отыр.  

Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әлеуметтік жауапкершілікті сақтамай әдейі өсіріп отырған сговор мәселесі де талқыланды.  Бұның бәрін жауапты органдар өздері көз жеткізу керек. Ол өзінің уәкілетті орындар бар ғой, соларға біз хаттамалық бизнестің атынан ұсыныстардың бәрін жеткіземіз. жақынарада республикалық деңгейде бұл мәселенің талқылануы, үкіметтік деңгейде талқыланатынын күтеміз.

А. Төребекқызы