Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Nur Otan-да құқық қорғау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
1230
Nur Otan-да құқық қорғау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Полиция қызметкерлерінің жалақысын арттыру қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ, жиында құқық қорғау саласы қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру, олардың біліктілігін арттыру және құқық қорғау қызметінде жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қанат МУСИН, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Құқық қорғау қызметі саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жалғасуда. Заңнамадағы өзгерістер біздің ойымызша, бірінші кезекте кадр саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен тәртібіне қойылатын талаптарды арттыруға бағытталуы керек.

Б. Сатуов