Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Тауда жоғалғандарды іздестіруге Өзбекстанның құтқарушылары да жұмылдырылды

AstanaTV
31.05.2021ж. 20:00
1433
Тауда жоғалғандарды іздестіруге Өзбекстанның құтқарушылары да жұмылдырылды

Түркістан облысындағы жоғалған туристерді іздеуге көршілес Өзбекстан құтқарушылары да жұмылдырылды. Олар шекараның арғы жағынан Өгем өзенінің арнасын бойлай Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекара аумағын тексеріп жатыр дейді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Ерік САРЫБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД  БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы төтенше жағдайлар бас басқармасының қызметкерлері өз аумақтарында іздестіру жұмыстарына кешеден бастап кірісіп отыр. Іздестіру жұмыстары толассыз, тоқтаусыз жүргізілетін болады және жалғасады.

Айта кетейік, бүгін іздестірудің алтыншы тәулігі. 21-мамыр күні «Сары-айғыр» шатқалын бетке алған жеті адамның үшеуі Өгем шатқалының етегінен жұма күні аман-есен  тікұшақпен құтқарылған болатын. Ал сенбіде екі туристтің денесі өзеннен табылды. 25-мамырдан бері құтқару тобы 350 шақырымнан астам аумақты жаяу аралап  шықты. Тау шатқалдары мен өзен жағалаулары түгел сүзілді. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шамамен 170 шақырым аумаққа барлау жүргізілді. «Қазавиақұтқарудың» екі тікұшағы арқылы шамамен 3 жарым  шақырым аумаққа аэровизуалды шолу жасалды. Бірақ, өкінішке орай, қалған екі адамға қатысты дерек болмай тұр.  

А. Төребекқызы