$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Экономиканы несиелендіру көлемін арттыру қажет - Депутат

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1840
Экономиканы несиелендіру көлемін арттыру қажет - Депутат

Бизнестегі кедергілерді жою керек. Шағын және орта кәсіпкерлік  үшін жеңілдетілген несиенің қолжетімділігін қадағалау қажет. «Nur Otan» партиясы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау кеңесінде осындай өзекті мәселелер талқыланды. Соңғы жылдары банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру үлесі біртіндеп төмендеп келеді. Ірі банктердің активтеріндегі несиелердің үлесі 50% деңгейінде. Экономиканы несиелендіру көлемі азайып жатқанына депутаттар алаңдатушылық білдірді. Кеңес төрағасы Аманжан Жамалов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын атап өтті.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Биыл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жасалатын 10 кедергіні жою жоспарланған. Бүгінгі таңда уәкілетті органдар тек 3 қана кедергіні жойғанын ескерсек, қалған 7-еуі бойынша жұмыс атқарылмай қала ма деген күдік туады.


Ғ. Өтемісов