$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан тұрғыны өз баласын 7 млн теңгеге сатпақ болды

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
2488
Түркістан тұрғыны өз баласын 7 млн теңгеге сатпақ болды

Түркістан тұрғыны бауыр еті баласын саудаға салған. 27 жастағы келіншек 1 жастағы сәбиін 7 млн теңгеге сатып жатқан жерінде, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысты түркістандық прокурорлар   кезекті мониторнинг жұмыстары кезінде анықтаған. Баласын саудалап, олжа таппақ болған күдіктінің қылмысы дәлелденсе, тас бауыр ана тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ғалымжан ОҢАЛБЕК,  ТҮРКІСТАН  қ. ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:


Қазіргі таңда ҚР ҚК 135 бабы 2 бөлігінің 12-ші тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы