Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін қайтсек арттыра аламыз?

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
982
Ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін қайтсек арттыра аламыз?

Тағы да бала өлімі. Қызылордада он үш жастағы екі жасөспірім шомыламын деп суға батып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, оқиға Сырдария өзенінде болған. Төрт бала суға түсуге келіпті. Төтенше жағдайлар министрлігі қайғылы жағдайдың артқанына алаңдаулы. Былтырғы жылмен салыстырғанда ажал құшқан балалардың дерегі 67 пайызға өскен.

Сырдарияда төтенше жағдай бүгін тал түсте болған. Ойын балалары суға шомылмақ болыпты. Екі баланың ағып бара жатқанын, байқаған қасындағылары сол маңдағы балықшыларды көмекке шақырыпты. Біреуін ғана жағаға алып шыққан. Ол кезде жасөспірімнің жаны үзіліп кеткен екен.

Қазір құтқарушылар өзеннен екінші баланы іздеп жатыр. Жақындары дария жағасын шолып жүр.

Жасұлан ТҮЙМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСШЫСЫ:

Екеуі де 2008 жылғы мектеп оқушылары. Қазіргі таңда ата-анасымен психологтар жұмыс жасап жатыр. Соңғы 10 күнде қала бойынша 4 жағдай тіркелді. Соның салдарынан 5 бала суға кетті.

Министрліктің мәліметінше, жыл басталғалы 34 баланың ажалы судан болған. Мамандар ересектер балаларға бақылауды күшейтсе дейді. Психологтарда мұны қостайды. Олардың пайымынша оқыс жағдайлардың артуына ата-ананың да себебі бар. Өйткені, баланың алдындағы өз жауапкершілігін сезінбейді, дейді.

Серікгүл САЛИ, ПСИХОЛОГ:

Қай нәрседен сақтану керек, қай нәрседен қорғану керек, яғни жаман мен жақсыны бала ажырата алмайды. Оны ажыратуға үйрететін ата-анасы. Аномалия деген болады, оқыстан-оқыс сондай жағдай болып қалды деген болады. Бұл болатын жағдай 5 пайыздан аспайды еш уақытта. Қалған 95 пайызы ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болатын оқиға.

Қоғам белсендісі, әрі 4 баланың әкесі Ыбырайым Бабаев, келеңсіздіктерге ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі себеп екенін алға тарта. Үйдегі ұл-қыздың жағдайын тек осындай қорқынышты хабар естігенде ойлаймыз, дейді. Себебі - үлкендердің бәрі - жұмысбасты болып кеткен.

Ыбырайым БАБАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:


Жұмысбастылықтан көп нәрсе бақылаудан шығып кетіп жатады да келеңсіз жағдайға тап боламыз. Естен шығып кететін жайттар өте көп.


Мамандар балаларына үнемі қауіпсіздік ережесін түсіндіру, оларды қараусыз қалдырмау біздің міндетіміз екенін тағы ескертеді.  

А. Данияр