Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жасотандықтар балаларға қуаныш сыйлады

AstanaTV
02.06.2021ж. 20:00
1631
Жасотандықтар балаларға қуаныш сыйлады

Жасотандықтар  Елорданың кішкентай тұрғындарына арнап мерекелік шара ұйымдастырды. «NUR OTAN» партиясы жастар қанатының белсенділері  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балаларына тарту жасап, керемет көңіл күй сыйлады. Аниматорлар да кештің ажарын аша түсті. Жүздері бал-бұл жанған балалардың  қуанышында шек жоқ. Сондай-ақ, жасотандықтар отбасы, балалар және әйелдер құқықтарын қорғау кеңесімен бірге ата-аналар мен бүлдіршіндерге арналған қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама таратты. Онда судағы қауіпсіздікті сақтау, балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу   ережелері жазылған. Шараға 150-ден астам бала қатысты. Кішкентайларға тәтті балмұздақ үйлестірілді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,  "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бүгін халықаралық балаларды қорғау аясында аясында бала құқығын қорғау кеңесімен бірлесіп «JAS OTAN» жастар қанаты арнайы кішкентай бүлдіршіндерге арналған шараны өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат осы күнді атап өту. Оның ішінде арнайы мамандарды шақырып осы ойын-сауық тренингтерін, ойындарын өткізіп жатырмыз.


 Л.Қуанышқызы