Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының ауыз суы ластанған

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
1851
Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының ауыз суы ластанған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылының халқы әбден ластанған су ішіп отыр. Мұндай мәлімдемені эпидемиолог мамандар жасады. Бұған дейін аталған ауылдың ескі аумағында тұрып жатқан жұрт, жаппай уланып қалғанын айтқан-ек. Соңғы екі аптаның ішінде 130-ға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Науқастар іш ауруы мен дене қызуының көтерілуіне шағымданған болатын. Мамандар судан сараптамасын алып, зертханаға жіберді. Оның қорытындысына сай, өзен-көлдердегі судың құрамынан зиянды бактериялар көптеп анықталмаған. Ал бұқара тұтынып отырған ауыз судың сапасы да көңіл көншітерлік емес.

Жангелді ИБРАЕВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, санитарлы-химиялық және вирусологиялық көрсеткіштер нормаға сай. Алайда, бактериялық көрсеткіштер шектен асып кеткен. Нормаға сәйкес бір миллилитр суда микробтардың саны 50-ден аспауы тиіс. Ал сараптама жүргізілген судың құрамында микробтардың саны тым көп. Оны есептеу мүмкін емес.


Сала мамандары бұған, құбырлардың ескі болуы себеп болуы мүмкін дейді. Ауылда жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын су жүйесінің 30 пайызы тозған. Өткен ғасырдың 70-жылдары тартылған темір құбырлардың ішін тот басуы мүмкін, дейді олар. Қазір сумен қамту компаниясы құбырларды хлормен тазарту жұмыстарын қолға алды. Артынша судың құрамы қайтадан сараптамаға жіберілмек.

А. Құрманкин